jasqazaq.kz

Павлодарда экстремалды ойынды ұнататын жүргізуші жазаланды (Видео)

03 наурыз 2022, 14:43

«Мазда» автокөлігінің жүргізушісі автокөлікке арқанмен байланған тюбингпен адамды сүйреген, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше күн бұрын тұрғындар Усолка шағын ауданындағы жағалауымен серуендеу кезінде қауіпті қысқы ойындардың куәсі болған. Қауіпті жағдайға бей-жай қарай алмаған адамдар полицияға қоңырау шалған

– Мұндай экстремалды ойын-сауық өмірге қауіп төндіреді. Тюбингтке тұрған адам өз қозғалысының траекториясын басқара алмай қалуы және оның жолында кез келген кедергі болуы мүмкін. Тіпті, ол автомобильді күрт тежеу кезінде көліктің астына түсіп кетуі де мүмкін. Салдарынан жарақат алуы немесе ажал құшу қаупі жоғары, — деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шарипов.

Сонымен қатар, полиция қызметкері жақында сол жерде көлік мұздың астына түсіп кеткенін еске салды.

Жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Батальон патрульной полиции (@bpp_up)

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр