jasqazaq.kz

Павлодарда екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды (видео)

20 ақпан 2019, 9:28

Павлодарда екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 19 ақпанда күннің екінші жартысында қалалық бес қабатты үйлердің бірінде болды. Бала ғимаратқа қосалқы салынған шатырға құлап, тірі қалды. Куәгерлер түсірген видеода, бала әлде-қашан шатырдың үстінде тұр, аяғы жалаң, жеңіл киініп алған. Бір ер адам оны екінші қабаттан қолына алып, пәтерге кіргізеді. Осы уақытта дала температурасы нөлді көрсетіп тұрған. Сондай-ақ, кадрлардан ашық тұрған терезені байқауға болады. Бала сол жерден құлаған.

Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Дәрігерлердің айтуынша, бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалып, беті жараланған. «Ол Павлодар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Барлық қажетті емді алып жатыр», — деп хабарлады аймақтық денсаулық сақтау басқармасындағылар. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қолда бар ақпарат бойынша, дерек Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр. Полицейлердің ақпараты бойынша, зардап шеккен баланың ата-аналарымен түсіндіру әңгіме жүргізілді. Бала құлаған кезде үйде әкесі мен анасы болмаған. Былтыр желтоқсан айында бүлдіршін екі жасқа толған.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичный Павлодар (@ti.pavlo)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде