jasqazaq.kz

Павлодарда екі сыбайлас жалған шот-фактура жазатын 13 компания құрған

05 шiлде 2022, 10:07

Павлодарда жалған шот-фактура шығарудан мемлекетке 2 млрд теңге шығын келді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураны заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кесті.

Тергеу барысында В.Р. Легин мен С. А. Рыжаков жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрғаны анықталды.

Содан кейін материалдық пайда табу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берді.

В.Р. Легин мен С.А. Рыжаковтың қылмыстық әрекетінен мемлекетке төленбеген салық түрінде 2 млрд теңгеден астам сомаға залал келді.

Сот екеуін де кінәлі деп тауып, Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды.

Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шықты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық