jasqazaq.kz

Павлодарда дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған полицей сотталды

08 қыркүйек 2021, 17:09

Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің кіші сержанты сотталды. 23 жастағы бұрынғы полиция қызметкері төрт ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот мәліметінше, павлодарлыққа 192-баптың 3-бөлігі 3-тармағы «Қарақшылық, яғни шабуыл жасалған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен немесе осындай зорлық-зомбылықты тікелей қолдану қаупімен ұштасқан бөтен мүлікті ұрлау мақсатындағы шабуыл» бойынша айып тағылған.

Оның айтуынша, полицей барлық қылмысты жұмыс уақытында жасаған. Полицей бос уақытында тонаумен айналысқан. Шабуылдың алғашқы нысаны «Қазпошта» АҚ бөлімшесі болған. Ол кассирді тапаншамен қорқытып, 21 мың теңге алып, сол күні букмекерлік кеңседе ұтылып қалған. Ер адам ойынға тәуелді болғаны анықталды. Ол 1 наурызда тағы үш тонау жасаған.

«Сотталушының кінәсі жәбірленушілер, куәгерлер айғағымен, заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сот Павлодар қаласының тұрғынын жасалған қылмыстарға кінәлі деп таныды. Оған орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол «полицияның кіші сержанты» атағынан айырылды», — деп қорытындылады судья Ахметова.

Сот бұрынғы полиция қызметкерінің 2020 жылдың мамырында берген антының бұзылуын ауырлататын жағдай деп таныды.

Сонымен қатар, сотталушының өзі сотта куәлік беруден бас тартты, ол өз кінәсін ішінара мойындады және үкімді жеңілдетуді сұрады. Ер адам қарақшылық шабуыл емес, тонау жасағанын мәлімдеді, өйткені оның қаруында оқ болмаған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық