jasqazaq.kz

Павлодарда бизнесменді бопсалағандарға үкім шықты

29 сәуiр 2018, 12:12

Павлодар облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында екібастұздық кәсіпкерден 100 млн теңге бопсалаған алты ресейлік пен бір Қазақстан азаматына үкім шықты, деп жазады pavlodarnews.kz.

Оларға ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі (қорқытып алу) және ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (қаруды заңсыз иемдену немесе сақтау) бойынша айып тағылуда. Сот үкімі шығарылған кезде күдіктілер тергеу изоляторында болды, олар үкімді веб-байланыспен тыңдады. Сот қазақстандықты екі бап бойынша айыпты деп танып, тоғыз жылға, ал ресейліктерді ірі көлемде ақша бопсалағандары үшін сегіз жылға соттады. «Жетеуі де қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтейтін болады», — деп үкімді оқыды судья Құдабай Сұлтанов. Сот барлық азаматтарды процессуалдық шығындар үшін 304 мың теңгеден төлеуге міндеттеді. Себебі, тілдік кедергілер мен құжаттарды сотталушылардың ана тілдеріне аудару үшін жүргізілген сараптамалардың салдарынан тергеу барысы екі жылға созылған. Еске салайық, алғашқы сот ісі биыл ақпанда басталды. Ресей Федерациясының — Кавказ тумалары мен Қазақстан азаматы екібастұздық бизнесменнен 100 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінген.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде