jasqazaq.kz

Павлодарда басына телефонын жастап жатқан қыздың басын күйік шалды

19 тамыз 2021, 16:06

Павлодарда телефоннан өрт шығып, қыздың басын күйік шалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау жатын бөлмені толық шарпыған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 19 тамыз күні сағат 10:20-да Нұркин көшесі, 116 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйде орын алған.

Екінші қабаттағы пәтердің жатын бөлмесінде өрт шығып, үй заттары мен жиһаздар жанған. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 11:00-де өрт толығымен жойылды. Оқиға орнынан 2002 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілді. Қыздың басын 30 пайыз күйік шалған , — деді қалалық ТЖ басқармасының басшысы міндетін атқарушы Тілекжан Галямов.
Департаменттің хабарлауынша, өрттің шығуына электр құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болған.

Зардап шеккен қыз ұйықтап қалған. Ұялы телефоны қуаттау көзіне қосылып, төсекте жатқан. Шыққан өрттен алдымен матрас жанған, — деді департаментте.
Оқиға орнына өрт сөндіруші жеке құрамның 16 адам мен 5 техникасы, медициналық көмектің 3 адам мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия