jasqazaq.kz

Павлодарда әскери шақыру пунктінен қашқан екі жігіттің бірі әлі табылған жоқ

13 мамыр 2021, 17:50

2 мамырда әскери міндетін өтеуге шақырылуға жататын Павлодар қаласының тұрғындары — 23 жастағы Мұхамедкәрім Құлниязов пен 20 жастағы Рүстем Назымбеков облыстық әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп, рұқсатсыз кетіп қалған. Олардың бірі жарақат алып, № 1 қалалық ауруханаға түсті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Мұхамедкәрім Құлниязовтың аяғына ота жасау қажет болған.

Ал, жергілікті полиция өкілдері әскери шақыру пунктінен қашқан екінші азамат — Рүстем Назымбековті әлі іздеп жатыр. Оның қайда жүргені әлі белгісіз. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне Павлодар облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Белялова айтты.

Еске сала кетейік, Vesti порталының хабарлауынша, Рүстем Назымбеков — 2018 жылы «Ақсу» футбол клубы сапында, 2019 жылы «Екібастұз» командасы сапында ойнаған футболшы. Сондай-ақ жартылай қорғаушы алматылық «Қайраттың» жастар құрамында болғанмен, келісім-шарт жасаспаған. Тіпті, алматылық ұжым Рүстем Назымбековпен келісім-шарт жасасуға ойыншының тәртіп мәселесіне қатысты бас тартқан болуы да мүмкін.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия