
Естай көшесінің бойында орналасқан үйдің жанында бұрын сотталған Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. — 39 жастағы адамды жедел іс-шаралар барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол өз пәтерінде ас көкнәрінен экстракциялық апиынды дайындау бойынша притон ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алынды, — деді департаментте. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы бойынша (ірі көлемде есірткі құралдарын дайындау және сату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевтың тапсырмасы бойынша есірткінің алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді.