jasqazaq.kz

Павлодарда әйеліне қол көтерген ер адамға хаттама толтырылды

18 қараша 2020, 14:22

16 қарашада Павлодар полициясына жергілікті тұрғын жүгініп, бірге тұратын ер адам жанжал шығарғанын айтты. Көрсетілген мекенжайға келген полиция қызметкерлері отбасындағы ұрыстың соңы төбелеске ұласып, ер адам әйелге қол көтергенін анықтады. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Тәртіп бұзушыға қатысты Әкімшілік кодекстің 73-бабы (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер) бойынша хаттама толтырылды.

Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, ата-аналар мен балалар, ерлі-зайыптылар арасында туындаған жанжал туралы хабарлама полицияға күн сайын жетеді екен.

«Осы жылдың өткен кезеңінде Павлодар облысының аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 2514 әкімшілік құқықбұзушылық жасалды. Егер де зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе басқа адамға қатысты зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз», — дейді Жасқайрат Қайыров.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде