jasqazaq.kz

Павлодарда 23 бала астан уланды

17 қазан 2019, 14:27

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті тексеру барысында мектеп асханасында санитарлық ережелердің бұзылғанын анықтады.

Тексерістің алғашқы нәтижесін департамент басшысы Ирина Сорокина айтты. Ол уланған балалардың саны 23-ке дейін артқанын және олар — 1-7 сынып оқушылары екенін атап өтті. «16 қазандағы жағдай бойынша стационарда бір бала қалды. Қалған 22 баланың жағдайы қанағаттанарлық, — деді Ирина Сорокина. — Эпидемиологиялық тексеру барысында мектептің ас блогында ереже бұзушылықтар тіркелді. Сондай-ақ зертханалық бақылау кезінде талапқа сай келмейтін сынамалар анықталды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Сонымен қатар, полиция басқармасы тарапынан қылмыстық іс қозғалды». Департамент басшысы балалардың улануының нақты себебі бәліштен немесе лас ыдыстардан болғаны 20 қазан күні, яғни талдау нәтижелері жарияланған кезде белгілі болатынын айтты. Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Белялованың мәлімдеуінше, ҚР ҚК 304 бабы – «ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қозғалған қылмыстық іс негізінде тергеу жүруде. Еске салайық, Павлодар ауылының №40 ЖОМ алғашқы жеті оқушысы 10 қазанда медициналық көмекке жүгінген болатын. Түнде балалардың қызуы көтеріліп, құсу және диарея басталған. Оқыс оқиғадан кейін бірнеше күн ішінде зардап шеккендер саны 22-ге, содан кейін 23-ке дейін өсті.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда