jasqazaq.kz

Павлодар тұрғынын ұрлады деген 4 күдікті ұсталды

28 қазан 2021, 11:21

Полицейлер Павлодарда 21 жастағы жігітті ұрлап кеткен төрт адамды анықтады. Олардың автокөлігін Қарағанды облысының бір ауылының маңында ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Такси жүргізушісі 25 қазанда кешке адам ұрланғанын хабарлады. Оның айтуынша, төрт жігіт оның жолаушысын басқа көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.

«Такси жүргізушісінің айтуы бойынша бағытты анықтадық. Дереу «ұстап алу» жоспары енгізіліп, өңірдің жеке құрамы мен жақын маңдағы облыстардың полиция департаменттері жұмылдырылды», — деп хабарлады полициядан.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 26 қазанда сағат 01.20 шамасында Қарағанды облысы Молодежное ауылының маңында күдікті көлікті Павлодар және Қарағанды облыстарының полиция қызметкерлері ұстады. 2000-2001 жылдары туған төрт күдікті ұсталды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», — деді Мәсімов.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-тармағы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда.

Тергеу жүргізіліп жатқан «Адам ұрлау» бабының санкциясы 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде