jasqazaq.kz

Павлодар тұрғыны қымбат пәтердің суретімен 40 қазақстандықты алдаған

01 наурыз 2022, 16:02

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр ұсталған азаматша OLX сайтында қолжетімді бағамен пәтер жалдау туралы хабарландырулар орналастырғанын айтады.

«Күдікті келіншек адамдарды қызықтыру мақсатында интернеттен қымбат пәтерлердің суреттерін пайдаланған. Қоңырау шалғысы келгендерге бос емес екенін, басқа қалада іссапарда жүргенін айтып телефонға жауап бермеген. Сондай-ақ, пәтерге сұраныс көп екенін айтып алдын ала төлем аударуды сұраған. Банк картасына төлем аударылғаннан кейін байланысты үзіп отырған. Байланыс негізінен WhatsApp желісі арқылы жүзеге асқан», — деп түсіндірді Скляр.

Полицейдің мәліметінше, алданғандар 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін аударып отырған.

«Ұсталған азаматшаның Қазақстан аумағында интернет-алаяқтық дерегінің 40-на қатысы бары анықталды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті Скляр.

Қазір күдікті қамауда отыр.

tengrinews.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр