jasqazaq.kz

Павлодар тұрғыны қоштасу видеосын түсіріп, із-түзсіз жоғалып кетті

18 ақпан 2021, 10:39

Павлодарда 34 жастағы ер адам жоғалып кетті. Ол кетер алдында қоштасу видеосын жазып қалдырған.

Павлодар телеграм-арнасы хабарлағандай, Константин Суханов 17 ақпанда жоғалып кетті. Ол сағат 10:00 шамасында үйден шыққан. Әйелінің айтуынша, ол ешкімге ештеңе айтпаған. Ер адам өзімен бірге ешқандай кілт немесе құжат алып кетпеген.

Ер адам ұялы телефонына видео түсіріп қалдырыпты. Онда Константин қоштасып, қарызын төлеу үшін зейнетақы шотынан ақша алуды сұрайды. Ер адам баласы үшін әйеліне де алғыс айтады.

Еріктілер жоғалған адамды іздеуде.

«Этикалық себептерге байланысты және жалпы қабылданған моральдық ережелерге сәйкес біз бұл видеоны жариялай алмаймыз. Қазіргі уақытта Константинге жедел іздеу жарияланды», — делінген жазбада

«Бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады облыстық ДП баспасөз қызметі.

Stan.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия