
Тергеу изоляторында отырған айыпталушы Вячеслав пен Катя адвокат пен АХАЖ қызметкерінің қатысуымен некеге тұрды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Мекеме басшысы Ардақ Иманғалиевтың айтуынша, жастар бас бостандығынан айыру орындарына түскенге дейін бірге тұрған, олардың Вячеслав көрмеген баласы бар.
— Бұл оның сүйіктісімен алғашқы және көптен күткен кездесуі. Өйткені, Катя Вячеславпен қарым-қатынасты заңдастыру және сол арқылы кездесуге рұқсат алу үшін Теміртаудан келді, — деді Ардақ Иманғалиев.
Катя достық сезімінің махаббатқа ұласқанын айтады.
— Біз бір ауданда тұрдық, бір-бірімізді сырттай білетінбіз. 17 жыл жас айырмашылығына қарамастан, ол мені өзінің қарым-қатынасымен және қамқорлығымен таң қалдырды. Мен де оның сезіміне жауап бердім. Кейін біз бірге өмір сүре бастадық, — дейді Катя.
Енді ол заңды жұбайы ретінде күйеуімен ұзақ кездесулерге келе алады.