jasqazaq.kz

Павлодар соттарына пошта арқылы «бомба қойған» оқушы ұсталды

19 қыркүйек 2022, 16:43

Павлодар соттарына пошта арқылы «бомба қойған» оқушы ұсталды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Жедел уәкілдер Павлодар облысында соттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген хаттың авторын анықтады. Ол кәмелетке толмаған жеткіншек болып шықты.

«Жақында Павлодар облысының сот ғимаратына электронды пошта арқылы «бомба қойған» бесінші сынып оқушысы Ақмола облысында ұсталды. Аталған іс бойынша тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес мәліметтер жария етілмейді, – деді брифингте ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев.

Естеріңізге сала кетейік, 3 тамызда Павлодар облыстық және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың электрондық мекенжайларына бомбалар салынғаны туралы хабарламалар түскен. Сондай-ақ, Ақтоғай, Май және Аққулы ауданының сотында процестерді кейінге қалдыруға тура келді.

Дархан Разуевтің мәліметінше, сегіз айдың ішінде жалған хабарлама үшін 13 адам сотталды. Олардың жетеуі бас бостандығынан айырылды. Оның ішінде еліміздің түрлі аймақтарындағы 11 түрлі нысанға бомбалар туралы хабарлама жіберген Қостанай облысының тұрғыны да бар. Ол бір жарым жылдан аса жазасын өтейді. Осындай қылмыстары үшін тағы төрт сотталушының бас бостандығына шектеу қойылды, бір қазақстандыққа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде