jasqazaq.kz

Павлодар полицейлері Ресейде көлік ұрлаған алматылықты ұстады (Видео)

27 тамыз 2021, 12:41

Павлодар полицейлері Ресейде көлік ұрлаған алматылықты ұстады. 26 тамызда сағат 15.00-де Павлодар облысының полициясына Ресей Федерациясының Новосібір қаласында ұрланған Toyota Camry маркалы автокөлігін ұстауға көмек көрсету туралы Ресей Федерациясының әріптестерінен хабарлама келіп түсті.

– Хабарламаны алғаннан кейін жедел түрде аталған автомашинаның біздің шекарадан өтіп, Павлодар – Нұр-Сұлтан тас жолымен жүргені анықталды. Бағдар дереу осы автожол учаскесінде жол қауіпсіздігін жүзеге асыратын патрульдік полиция ротасының барлық бекеттеріне таратылды. Біраз уақыттан кейін аталған автокөлік Екібастұз ауылдық аймағының Байет ауылы маңындағы Шідерті кенті бағытындағы тас жолда тіркелді. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің талабына тоқтамады, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Патрульдік полиция ротасының инспекторлары Сәбит Естай, Бейсембаев Аманжол, Базарбеков Асхат, Верещак Руслан және Жүсіпов Нұрлан құрамындағы автопатрульдер қудалауды басталды. Нәтижесінде Toyota Camry маркалы автокөлігі Шідерті кентінің жанармай құю станциясында ұсталды. Салонда жүргізуші болған, ол 30 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адамның құжаттары болған жоқ. Полиция жол ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты бірқатар әкімшілік материалдар қозғалғанын атап өтті. Автокөлік айып тұрағына қамалды. Шекара маңындағы ынтымақтастық шеңберінде ұстау туралы ақпарат іздестіру бастамашысына хабарланды. Автокөлік пен материалдар Ресей Федерациясы ІІМ әріптестеріне берілетін болады.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия