jasqazaq.kz

Павлодар орталығында төбелес болды (видео)

19 тамыз 2019, 10:47

Павлодардың орталығында төбелес шығарған жігіттердің қылығы видеоға түсіп қалған.

Болған оқиғаны Instagram желсінде жариялаған — куәгерлер. Кадрлардан екі жігіттің арасындағы келіспеушілік кафе алдында болғанын көруге болады. Екеуін ажырату үшін алдымен бір жігіт, кейін тағы біреуі және қыз келеді. Осы уақытта жерде екі ер адам жатады, біреуі қозғалмайды, екіншісі оны көтеріп жатыр. Қара көйлек киген жігіт қарсыласын ұруын тоқтатпайды, оны күшпен құлатады, кейін жерде жатқан екеуін ұрып, тепкілейді. Қыз ызалы жігітті зардап шеккен біреуінен ажыратуға тырысады. Сол кезде тағы бір ер адам қызды қолынан ұстап, шетке сүйреп әкетеді.

Тағы бірнеше жігіт кафе кіреберісінде болып жатқан жағдайды қадағалап тұр. Ал полицейлер бұл мекенжай бойынша шақырту болмағанын айтты. «Аталған дерек бойынша өтініш түскен жоқ. Видео тіркелді, ол бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталады», — деп хабарлады аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Новости Павлодара и KZ (@pavlodar_city_life)

 

Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда