jasqazaq.kz

Павлодар облысының жоғары сынып оқушылары жергілікті кәсіпорындарға экскурсия жасады

25 желтоқсан 2017, 12:24

Экскурсия «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының аясында 8-10 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған. Болашақ талапкерлер Павлодар машина жасау зауыты, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазэнергокабель», «Гофротара зауыты», Қазақстан алюминий зауыты мен «Павлодарэнерго» АҚ-ның кәсіпорынарында барып қайтты. Естеріңізге салсақ, Өмірлік таңдау жобасы жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге бағытталған жоба. Зауыттарға экскурсия жасау – жоба мақсаттарының бірі. Балалар техникалық мамандық иелерімен тілдесіп, кәсіптің қыр-сырларымен тереңірек танысты.

«Оқушылар бүгінгі күні жұмысшылар тапшылығы орын алып жатқан кәсіпорындарға барды. Біздің жобамыз бірнеше кезеңнен тұрады, алғашқысында 50 мұғалімге кәсіби бағдар жұмыстарын оқушыларға жүргізу бойынша тренингтер жүргізіледі. Тренингтер мен экскурсиялар Қазақстанның бес өңірінде ұйымдастырылады. Экскурсиялар бқл екінші кезең. Үшінші кезеңде тренингтен өткен мұғалімдерге арналған байқау болмақ. Әр өңірдің ең үздік мұғалімдері бақ сынасатын болады. Бес мұғалім жыл соңында Ресейге тренингтерден өтуге жолдама алады», — дейді жобаның жетекші маманы Дәулет Аждар.

Кәсіпорындарға экскурсия кезінде оқушылар шеберлермен танысып, олардан өздеріне қажетті мәліметтерді алды. Тіпті шикізатта өз қолдарымен ұстап көріп, жұмыс барысымен етене танысты. Экскурсия аяқталған соң кәсіби бағдар бойынша жұмыстар өткізілді, олар: сауалнама жүргізу, сұрақ-жауап сағаттары, сайыстар мен тестілеу. Олардың нәтижелері бойынша кімнің қандай мамандыққа жақын екендігі анықталады.

Жоба жайлы толық ақпаратты www.tangdau.kz сайтынан білуге болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде