jasqazaq.kz

Павлодар облысының билігі Төреғалиді ресми іс-шараларға шақыртудан бас тартты

25 желтоқсан 2017, 14:47

Жуырда Павлодарда орын алған жағдайға байланысты, облыстық мәдениет мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қазақстандық әртісті өңірде өтетін ресми іс-шарларға шақыртудан бас тарту шешімін шығарды, деп pavlodarnews.kz.

Ведомствада 21 желтоқсанда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен концерттегі Төреғали Төреәлінің мінез-құлқы орынсыз деп танылды. Сондықтан шенеуніктер жуық арада әншімен байланыс орнатпайды. — Біз Павлодардағы әр мерекеде қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуіне мүмкіндік беріп, жиі ресми шақыртулар жіберіп тұрамыз, – деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасы. – Сөз жоқ, біз облысымызда жеке ұйымдастырушылардың тарапынан өтетін коммерциялық концерттерге бақылау жүргізе алмаймыз. Ал мемлекеттік мекемелер өткізетін салтанатты шараларға Төреғали Төреәлі шақырылмайтын болады. Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде Төреғали Төреәлінің бір көрерменмен әдепсіз түрде сөйлескен видеосы талқылануда. Казнет қолданушыларының пікірінше, әртіс өз аудиториясына сыйластық танытпаған. Шу көтерілгеннен кейін әртіс желіге шығып Instagram арқылы тікелей эфирде тыңдармандарына мән-жайды түсіндіруге тырысты. Ол залдағы белгілі бір азаматтың айғайы арқылы намысына тигендігін жеткізіп, болған жағдай үшін кешірім сұрады. Сонымен қатар, Төреәлі болашақта ол азаматты жолықтыратын болса, кешірім сұрайтындығына уәде берді.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды