jasqazaq.kz

Павлодар облысының әкімі «мемлекеттік тілді қорғамай жүр» деген сынға жауап берді

02 қазан 2017, 17:43

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдегі тіл ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астанада орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Sputnik Қазақстан тілшісі облыс әкімінен өңірдегі мемлекеттік тіл ахуалын сұрады.
«Өңірдегі тіл ахуалы қандай? Облыстағы тіл жанашырлары мен қоғам белсенділері осы мәселені жиі көтеріп жүр. Тіпті «облыс басшылығы мемлекеттік тілді қорғамағаны үшін тарихта қалады» деген сын айтылды. Осыған сіз дейсіз?», — деп сұрады тілші.

«Тіл мәселесі — өте күрделі мәселе. Сіз білесіз, Павлодар облысында өзге ұлт өкілдері халықтың елу пайызын құрайды. Біз біртіндеп осы мәселені шешіп жатырмыз. Өткен жылы мен есеп бергенде, балабақшаларды кілең қазақша жасайық деген ұсыныс енгізгенмін. Ол жұмыспен біз айналысып жүрміз. Жалпы, жұмысты қатаң бақылауға аламыз», — деп қысқа қайырды облыс басшысы.

Айта кетсек, ақпараттық порталдардың бірінде «Боқауов мемлекеттік тілді қорғамағаны үшін тарихта қалады» деген тақырыппен материал жарық көрген болатын. Онда Керекудегі тіл жанашырларының бірі мемлекеттік тілдің өңірдегі мүшкіл жағдайын айтып, өз наразылығын білдіреді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде