jasqazaq.kz

Павлодар облысындағы дүлей дауылда бозбала мерт болды (видео)

02 маусым 2020, 20:20

Павлодар облысында дауылдың кесірінен бір адам мерт болды. Күшті желден құлаған ағаш 16 жастағы бозбаланы басып қалған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Дауыл Ақсу қаласындағы қонақ үйдің шатырын да түгел ұшырып әкеткен. Күшті желге бірнеше елді мекендегі мемлекеттік нысандардың да төбесі шыдас бермеді. Жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жеткен дауылдың кесірінен көшедегі ағаштар сынып, маңайдағы көліктер зақымданған. Әп-сәтте облыс орталығының астан-кестеңін шығарған жел бірнеше ықшамаудан тұрғындарын жарықсыз қалдырды. Ал Баянауыл ауданында 16 жастағы бозбаланы ағаш басып қалып, ол ауруханада тілге келмей жан тапсырды.

Самат Асайынов, Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары:

— Баянауылда желдің күштігі кеше 22 секунд метр болды. 16 жасар балаға құрғақ ағаш құлап, ауруханаға жеткізілгенімен, бозбала қайтыс болды.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия