jasqazaq.kz

Павлодар облысында жол апатынан екі зейнеткер мерт болды

15 қараша 2021, 17:57

Павлодар облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы сол жерде қаза тапты.

«14 қараша сағат 10:40-та Павлодар-Успенка-РФ шекарасы тасжолының 72 шақырымында «ВАЗ 21074» маркалы автокөлігінің тайғақ жолда жылдамдықты сақтамаған 70 жастағы жүргізушісі «Фольксваген Пассат» көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ 21074» көлігінің жүргізушісі мен 70 жастағы жолаушысы алған жарақаты салдарынан мерт болды», — деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Фольксваген Пассат» автомобилінің 49 жастағы жүргізушісі мен 19 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

«Жол апатының тағы бір себебі — «Қазавтожол» ЖШС-ның қар тазалауды дұрыс ұйымдастырмауы болуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу аясында осы тасжолды қадағалайтын ұйымды жауапқа тарту мәселесі де қарастырылып жатыр», — деді ведомстводан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде