jasqazaq.kz

Павлодар облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

07 сәуiр 2022, 10:13

Павлодар – Қызылорда тасжолында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам мерт болды. Одан бөлек 2 зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 6 сәуір күні сағат 16:45-те Екібастұз қаласынан 20 шақырым жерде болды. Павлодар- Қызылорда тасжолының 1279-шы шақырымында 32 жастағы Chevrolet Cobalt маркалы автомобильдің жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлікке соғылып, аударылды. Апат салдарынан көліктегі 1966, 1976 және 2008 жылы туған жолаушылар сол жерде қайтыс болды», — делінген хабарламада. Полиция департаментінің мәліметінше, жарақат алған көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. «Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4 тармағына сәйкес соталды тергеу шарасы жүріп жатыр», — дейді аталған ведомстводан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр