
Павлодар облысында жоғары шенді полицей ұсталды. Бұл туралы ресми сауалға берген жауабында Ішкі істер министрлігі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп бюджет қаражатын жымқыру күдігі бойынша облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталғанын растайды», — делінген сауалға жауапта.
Ішкі істер министрлігі мәліметінше, бірлескен жедел-тергеу тобы құрылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәлімет жарияланбайды.