jasqazaq.kz

Павлодар облысында жігітінің адам өлтіргенін жасырған қыз ұсталды

20 тамыз 2021, 16:25

Павлодар облысында жігітінің адам өлтіргенін жасырған қыз ұсталды. Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 30 жастағы ауыл тұрғынына қатысты істі тергеуде.

– Маусым айының соңында Успен ауданының Қозыкеткен ауылында 22 жастағы жергілікті тұрғын жанжалдан кейін танысына пышақ жарақатын салған, соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Ауыл тұрғыны қылмыстың куәгері болды, бірақ полицияға болған оқиға туралы хабарлаудың орнына, қыз алдымен заттай дәлелдемелерден арылуға тырысты – ол қылмыс құралын – пышақты жуып, жасырды, сонымен бірге марқұмның заттарын жуды. Осыдан кейін тұрғындар оқиға орнынан кетіп, бақшаға тығылды. Олар жазадан жасырыну үшін ауданнан кетуді жоспарлады, бірақ жоспарды жүзеге асыра алмады. Бірнеше сағаттан кейін полиция ұстады, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. Қылмыс жасаған күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал осы қылмысты жасырған оның сүйіктісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 432-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия