jasqazaq.kz

Павлодар облысында жаңа қант зауыты бойынша жоба жүзеге асырылады

28 маусым 2022, 17:55

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қант зауытын салу жобасы туралы айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қант зауыты жобасын жүзеге асыру жұмыстарымен «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы айналысып жатыр. Бұл жобаның ерекшелігіне тоқталсақ, зауыт шетелден жеткізілетін шиказатты емес, еліміздегі қант қызылшасын өңдейді. Қазіргі кезде жобалау-сметалық құжатнама аяқталуға жақындап қалды. Жобалаушы тараптың жұмысына наразылық айтылған болатын, яғни 100-ден астам ескерту жасалды. Жоба технологиялық тұрғыдан алып қарағанда өте күрделі екенін түсіну керек», — деді Ә. Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, аталған жоба аясында өнімді өңдеу, қант қызылшасын өсіру қамтылмақ. Осы орайда өндірісте тиісті біліктілік деңгейі назарға алынуы керек.

«Жобаны асығыс қабылдай салуға болмайды. Биылдың соңына қарай біз мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын аламыз деп ойлаймын. Содан кейін жоба бағалаудан өткеннен соң, инвесторларды іздестірумен айналысамыз. Бұл ретте тиісті технологиясы мен біліктілігі бар мамандар келуі керек. Атап айтқанда, бұл жоба әлеуметтік жағынан маңызды болып тұр. Сондықтан оны жүзеге асыруға басымдық беріліп отыр», — деді облыс әкімі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Павлодарда емханалардың жұмысын қайта құру жүріп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр