jasqazaq.kz

Павлодар облысында түрме бастығы пара алған

22 шiлде 2019, 14:40

 

Павлодар облысында қылмыстық атқару жүйесі мекемесі бастығының міндетін атқарушы пара алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. «Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп өңірдегі қылмыстық атқару жүйесі мекемесі бастығының міндетін атқарушы, әділет майорының пара алғанын анықтады», делінген хабарламада. Майор сотталғандардың бірімен сөз байласып, жекеменшік компания директорынан түрмедегілермен жеке еңбек шартын жасағаны үшін 250 мың теңге пара алған. Күдікті кінәсін мойындап, процестік келісімге келу туралы өтінім берген. Тексеру жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы үкімді сот шығарады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде