jasqazaq.kz

Павлодар облысында тағы бір ауыл карантинге жабылды

30 қараша 2020, 12:38

Павлодар облысындағы Ақтоғай ауылы карантинге жабылды, — деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым мәліметінше, ауылдағы Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6 мұғалімі мен 22 оқушысынан СOVID-19 анықталған. Қазіргі таңда ауылдағы жолға санитарлық бекет орнатылған.

Ауылда монша, шаштараз, қоғамдық тамақтану объектілері, спорт нысандары, тігін ательесі, шиномонтаж, техникалық қызмет көрсету орталығының жұмысына шектеу қойылды, әрі мешіт пен шіркеу жабылды. Мұндай шешімді ауданның бас санитар дәрігері қабылдаған.

«Соңғы күндері Қайырбаев атындағы мектепте 6 педагог және 22 оқушыдан алынған ПТР-тест оң нәтиже көрсетті. Бір мұғалім Павлодар қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қалған мұғалімдер мен балаларда ауру асимптоматикалық болып саналады. Олар амбулаториялық ем алады», — дейді Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Бибігүл Оспанова.

Оның айтуынша, ауылдағы 17 бала кезекші сыныптарда, бесеуі қашықтан оқыған.

«Осыған байланысты аудан орталығының 2 мектебі онлайн оқытуға көшірілді, балабақшадағы кезекші топтар жабылды», — дейді Оспанова.

Сонымен қатар, санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың) қызметіне 9:00-ден 16:00-ге дейін, азық-түлік дүкендеріне 9:00-ден 19:00-ге дейін, азық-түлік емес дүкендерге 10:00-ден 15:00-ге дейін, ХҚКО бөлімшелері, «Қазпошта» АҚ, «Халық Банк» АҚ сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Азық-түлік емес тауарлар дүкендері демалыс және мереке күндері жабылатын болды.

Жол жөндеу қызметі, полиция, медицина қызметкерлері және басқа да ұйымдарды қоспағанда, ауыл тұрғындары арасында қозғалыс кешкі сағат 21:00-ден кейін шектетілді.

Сонымен қатар, Ақтоғай ауылында санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, такси қызметі жұмыс істейтін болды. Мұнда 4 251 адам тұрып жатыр.

Айта кетейік, Павлодар облысында 6 375 адам коронавирус жұқтырды. 4 948 науқас дертінен айықты, 62 адам қайтыс болды.

Ал Қазақстанда СOVID-19 жұқтырғандар саны 131 659-ға жетті. 116 461 науқас жазылды, 1 990 науқас көз жұмды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия