jasqazaq.kz

Павлодар облысында су тасқыны болып, 30 үй су астында қалған

01 сәуiр 2022, 10:33

Павлодар облысында Рождественка ауылында қардың еріген суы 30 үйді басқан, деп хабарлайды Stan.kz.

Су ауылдағы бес үйдің ішіне кіріп кеткен.

«31 наурызда сағат 17.47-де ТЖД әлеуметтік желілерге жүргізген мониторингі барысында Павлодар облысы, Рождественка ауылында, Абай көшесі, 67-үйге су кіргенін анықтады», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлары хабарлады.

Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардың күші мен құралдарымен суды сору жұмыстары жүргізілуде. Сағат 19.30-да Павлодар қаласының гарнизонының жиыны жарияланып, бес адамнан тұратын облыстық ТЖД күштері мен құралдары тобы және техника су тасқыны болған жерге жіберілді. Бір сағаттан кейін ол жерге үш адамнан тұратын жедел-құтқару жасағы техникамен және резеңке қайықпен аттанды. Қазіргі уақытта еріген суды сору жұмыстары жалғасуда.

Төтенше жағдайлар департаментінде жағдайды қардың күрт еруінен туындаған су тасқыны деп мәлімдеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық