jasqazaq.kz

Павлодар облысында пойыз жүк көлігімен соғысты

26 ақпан 2019, 16:21

Павлодар облысы Шарбақты ауданында теміржол құрамының жүк көлігін соғуынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шарбақтыдағы жол-көлік оқиғасы 9.20-да болды. Жедел жәрдем үш минутта — 9.23-те барды», — деп мәлім етті Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева. Оның айтуынша, теміржол өткелінде жүк көлігі пойызбен соқтығысқан. «Зардап шегуші — 1975 жылы туған Шарбақты тұрғыны. Ол «Шығыс жолдары» ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істейді. Диагнозы: көкірек қуысы жарақаты, жабық бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалуы», — деді Эльмира Темірғалиева. Ол Шарбақты аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде