jasqazaq.kz

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

25 ақпан 2021, 16:50

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

«2021 жылдың 25 ақпанында сағат 7:46-да Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт орын алғандығы туралы хабарлама түсті. Төрт бөлмелі тұрғын үйде жалпы ауданы 80 шаршы метр өрт шарпыған. Өрт сағат 10.16-да оқшауланды, сағат 11.00-де толығымен сөндірілген. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатқанда 1997 жылы туған Ақсу қаласы № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машраптың жағдайы нашарлаған» делінген хабарламада. Мәліметке сай, ол Ақсу ауылдық дәрігерлік амбулаториясына ес-түссіз күйде жеткізілген. Кейін дәргерлер оның қайтыс болғандығын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. «Сонымен қатар 1995 жылы туған № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау кіші сержанты Ермек Тұрлыбеков ауруханаға жеткізіліп, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Қайтыс болған Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқарды. Павлодар қаласының тумасы, үйленген» деп мәлімдеді ведомстводан. ҚР ТЖ министрлігінің ұжымы өрт сөндірушінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады. Айта кетейік, 1991-2021 жылдары аралығында қызметтік міндеттерін орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қайтыс болған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия