jasqazaq.kz

Павлодар облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өткен ресейлік ұсталды

30 маусым 2022, 13:56

Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау мақсатында 27 маусым мен 4 шілде аралығында Павлодар облысының аумағында “Нелегал-2022” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы кезеңде шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілерін анықтауға, шетелдіктерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберуге, көші-қон заңнамасын бұзудың қылмыстық жазаланатын фактілерін анықтауға полицейлердің ерекше назары аударылатын болады. Сондай-ақ, қонақ үйлер бойынша “Халықтың көші-қоны туралы” заң талаптарының сақталуы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – деп Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі бастығының м.а. Гомар Шәрипиденов хабарлайды.

Аталған іс-шараның екі күнінде 124 шетелдік азамат елде болу ережелерін бұзғаны үшін жазаға тартылды, оның 60-ы еңбек қызметі ережелерін бұзғаны үшін, 11 жұмыс беруші еңбек қатынастарын қамтамасыз етпегені үшін тартылды.

Мәселен, Новосібір облысының 44 жастағы тұрғыны мемлекеттік шекараны айналып өтіп, Қазақстанға кіріп, полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Заңсыз енудің мақсатын шетелдік енді тергеушіге түсіндіретін болады.

Сонымен қатар, Павлодар қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде Өзбекстанның 8 азаматы тиісті рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген.

Енді олардың жалақысы айыппұлды жабуға кетеді, жұмыс беруші де әкімшілік айыппұлды күтеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде