jasqazaq.kz

Павлодар облысында мектеп басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

08 шiлде 2022, 11:03

Павлодар облысында білім ордасының басшысы биылғы жылдың мамыр айында қарамағындағылар арасында тиісті профилактикалық жұмыс пен бақылауды ұйымдастыра алмаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы «Antikor Ortalygy» фронт-офисінің алаңында облыстық білім беру басқармасының басшылығымен азаматтарды қабылдау барысында белгілі болды.

«Мектеп басшыларының бірі профилактикалық жұмыс пен бақылауды ұйымдастыра алмауы ата-аналардан ақша жинауға алып келген. Ведомствоның бастамасымен барлық білім беру мекемелерінде алым-салық фактілеріне жол бермеу туралы бұйрық бар. Сонымен қатар, біз өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, ұйым басшылары арасында барлық қажетті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз», — деді облыстық білім беру басқармасы басшысының м.а Гүлмира Баширова.

Сондай-ақ, ол өңірдің 55 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын және оларға бюджет қаражаты бөлінгенін атап өтті.

Гүлмира Баширова балаларды мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына қабылдаудың ашықтығы рәсімін қамтамасыз ету, білім беру мекемелерінде ақша жинауға жол бермеу мәселелері туралы мәлім етті. Ведомствоның құзыретіне кіретін сұрақтарға жауап беріп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Павлодар қаласы мектептерінің оқушыларының ата-аналары мектептердегі оқу жылын ұзарту, мектепке түсу кезінде тіркелудің әсері, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының басшыларын ротациялау және т. б. мәселелер бойынша жүгінді.

Естеріңізге сала кетейік, «Адал көмек» жобасы азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде тегін заң көмегін көрсетуге арналған офлайн форматқа көшірілген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде