jasqazaq.kz

Павлодар облысында мектеп автобусы өртеніп кетті (Видео)

24 желтоқсан 2021, 10:27

Павлодар облысында тасжолда оқушылар тасымалдайтын автобус өртеніп кетті. Оқиға кезінде көлікте 6 бала болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 23 желтоқсанда түстен кейін Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тасжолда болған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

«Ашық аумақта 2007 жылғы ГАЗель толық жанып кетті. Өрт аумағы 8 шаршы метр болды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші мен 6 бала эвакуацияланды», — деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, оқиға кезінде көлікте болған өртсөндіргіш қолданылмағаны нақтыланды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған», — деп мәлімдеді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Оқушылар зардап шеккен жоқ. Әлеуметтік желілерде куәгерлер оқиға орнындағы видеоларды жариялады. Видеодағы жазбада тәлімгердің жүргізушімен бірге отырғаны, ал балалар өздері есікті ашып, секіргені айтылады. Бірақ облыстық ТЖД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған жоқ.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр