jasqazaq.kz

Павлодар облысында ер адам өзін өртеп жіберді

04 сәуiр 2019, 10:36

Олардың төртеуі жан сақтау бөліміне жеткізілсе, тағы бес адам ыс тиіп уланған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы жедел жәрдем медициналық көмек облыстық станциясында хабарлады. — 3 сәуір сағат 20:51-де Ақсу қаласының Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында жеке меншік үйдің өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп жетті, — деп хабарлады жедел жәрдем медициналық көмек облыстық станциясында.

– Куәгерлердің айтуларынша, сол күні қайтыс болған ер адамның жұбайының туған күні болған. Қонақтар дастархан басына жиналғаннан соң 50 жастағы отағасы үйден шығып кеткен. Соңыра оралған ол бензин құйылған бес литрлік ыдыспен үйге қайтып кіріп, балаларды үйден шығаруды өтінген. Жұбайы өтінішті орындағаннан соң ер азамат сіріңкені тұтатып, өзін-өзі өртеп жіберді. Облыстық жедел жәрдем станциясының өкілдері ақпарат жеткізгендей, ер азаматты өз-өзіне қол жұмсауды болдырмауға тырысқан достарын жалыннан күйік шалып, олар Ақсудың орталық ауруханасына жеткізілді. Нәтижесінде үйдің иесі көз жұмып, 13 адам жарақаттанды: төрт адам жан сақтау бөліміне жеткізілсе, бес ересек пен төрт бала ысты газбен уланды. Өрт 30 шаршы метрлік ауданды шарпыды. Үш бөлмелі үйдің ас үйі, жиһазы, тұрмыстық техника мен үй заттары толығымен жанып кетті. Шатырдың бір бөлігі құлап түсті.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда