jasqazaq.kz

Павлодар облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

23 қараша 2020, 12:24

Павлодар облысында елік атқан браконьерлер ұсталды, — деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, олар Аққулы ауданында ұсталды.

Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіповтың айтуынша, бүгін түнде орманшылар Аққулы ауданының полиция қызметкерлерімен бірге үш браконьерді ұстаған.

Тәртіп бұзушылар Жамбыл ауылдық округінің маңында ұсталған. Ұсталған кезде олардан «Орал» мотоциклі, мылтық және атылған еліктің ұшасы табылды.

«Екі браконьер қашып үлгерді, қазір олардың жеке тұлғалары анықталуда, олардың барлығы Аққулы ауданы ауылдарының тұрғындары екені анықталды», — деді Аждар Жүсіпов.

Аң аулау құралдары мен заңсыз олжалар алынды, тексеру жүргізіліп жатыр деді ведомстводағылар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде