Павлодар облысында жанжал кезінде әйелін өртеп жіберген тұрғын қамауға алынды. Ер адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Полиция мәліметінше, соталды тергеу аса ауыр бап бойынша басталған.
34 жастағы жәбірленуші бір аптадан аса уақыт реанимацияда жатты. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалуға қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ аман алып қала алмады.
Өкінішке қарай, 17 тамызда жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осыған байланысты, соталды тергеу ҚР ҚК-ның 107-бабынан 106-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деді Жасқайрат Қайыров. Осы баптың санкциясы 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.