jasqazaq.kz

Павлодар облысында ағасы інісін өлтірді деген күдікпен қамалды

21 қазан 2020, 22:25

Павлодар облысында бірге арақ ішкен ағайындылардың отырысы, қайғылы жағдаймен аяқталды. Туған ағасы, інісін өлтіріп қойды деген күдікке ілікті. Қанды оқиға кеше Ертіс ауданына қарасты Ертіс ауылында болды. Полицияның дерегінше, ішімдік ішкендер өзара сөзге келіп, жанжал туған, тіпті жұдырық ала жүгірген. Ағасы інісін аяқпен теуіп, ұрып-соққан. Алған жарақатынан бауыры ауруханада көз жұмды. Әзірге жанжалдың неден туғаны белгісіз.

Руфат КЕНЖИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта аталған іске байланысты тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 3 бөлімі бойынша іс қозғалды. Оған «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру» бабымен айып тағылып отыр.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы аймақта жыл басынан бері 26 адам «ащы судың» құрбаны болған. Ал 18 мың адам қоғамдық орында ішімдік ішкені және тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылыпты.

astanatv.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия