jasqazaq.kz

Павлодар облысында 4 жасар баланы көлік қағып, мерт қылды

29 маусым 2021, 10:09

Павлодар облысында төрт жасар бала көлік доңғалағының астына түсіп, ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстың Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 маусым күні сағат 17:30-да Ақсу ауылдық аймағының Береке ауылында «ВАЗ 2106» маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жол бойына жүгіріп шыққан 2017 жылы туған қызды қағып кеткен. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», — деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. Оның айтуынша, жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия