jasqazaq.kz

Павлодар облысында 26 жылқы көлдегі мұзға қатып қалған

08 желтоқсан 2020, 17:05

Павлодар облысындағы көлдердің бірінен мұзға қатып қалған 26 жылқының мәйіті табылды.

Жоғалған табынды іздеу кезінде полиция малдарды көлден тапқан. Жылқылар Аққулы ауданындағы фермерлердің біріне тиесілі болды.

Полицияның мәліметінше, ер адам жануарлардың жоғалғанын осы жылдың 4 желтоқсанында хабарлады.

«Мал иесінің сөзіне қарағанда, 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні Қазы ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан жайылымнан белгісіз біреулер 26 жылқы ұрлап кеткен. Бірнеше күн бойы ол жоғалған жылқыларды өз бетімен табуға тырысқан. Алайда ешқандай нәтиже болмағаннан кейін полицияға жүгінген», — деді Аққулы аудандық полиция бөлімінің басшысы.

Оның айтуынша, жоғалған жылқыларды ауданның ғана емес, шекаралас облыстардың полицейлері де іздеген. Бірнеше мобильді топтарға бөлінген қызметкерлер барлық маңайдағы территориялар мен жайылымдарды тексеріп, барлық шаруа қожалықтарында, алыс учаскелерден іздеген.

«20-ға жуық полиция қызметкері далада жоғалған жылқыларды іздеді. 6 желтоқсанда Қазы ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Борлы көлінде жүргізілген іздеу нәтижесінде 26 жылқының мәйіті табылды. Жануарлар мұзға қатып қалған», — деді Бодиев.

Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия