jasqazaq.kz

Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді зорлады деген күдікті ұсталды

27 ақпан 2020, 12:34

Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді зорлады деген күдікті ұсталды. Бұл туралы өңірлік полицейлер өткізген брифингте айтылды.

«Күдікті ұсталды, қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Ол кінәсін мойындады», — деді Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Полицейлер ұсталған ер адамның 2016-2018 жылдар аралығында мал ұрлағаны үшін үш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын растады. Бірақ екі тараптың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Еске салайық, мұның алдында Павлодар облысында мектеп маңында белгісіз біреудің 19 жастағы мұғалімді зорлап кеткені хабарланған еді. Тұрғындардың айтуынша, мұғалім мектепке бара жатқанда жолда бір көлік тоқтаған, онда бірнеше адам болған. Олардың бірі — ауыл тұрғыны. Ол көліктен шығып, қыздың соңынан жүріп, оны әкімдіктің бұрынғы ғимаратына алып кірді. Сол жақта зорлаған дейді.

Ауылдағылардың айтуынша, ол ер адамнан бүкіл ауыл қорқады.

«Ол мал ұрлаумен айналысады. Полицейлер оны бірнеше рет ұстаған болатын, алайда қылмыстық істердің барлығын жауып келді. Психикалық ауытқуы бар қызға да тиіскен кездері болған», — деген еді ауыл тұрғындары.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия