jasqazaq.kz

Павлодар облысында 19 жастағы мұғалім мектепте зорланды

26 ақпан 2020, 17:11

Павлодар облысында мұғалім зорланды, деп хабарлады НеМолчи қозғалысын құрған белсенді Дина Смаилова.

Оқиға Павлодар облысындағы Аққулы ауданына қарасты Майқарағай ауылында болған.

Ақпанның 25-і күні кешкісін бұрын қыз зорлау және ұрлық үшін істі болған Қабидолла Б. жас мұғалімді тура мектептің жанында зорлап кетті, — деп жазады Смаилова.
Күдікті бұған дейін ауылдағы ақыл-есі кеміс қызды зорлаған деседі. Бірақ ол іс жабылып қалған. Сосын мал ұрлығы үшін істі болғаны бар. Бірақ қазір өзі бостандықта жүрген.

Жәбірленген қыз басқа ауылдан жұмысқа келген. Жұмысының алғашқы күнінде-ақ зорлыққа тап болды.

Ауылда интернет мектепте ғана бар. Жұмыс істейін деп кешкісін мектепке барған қыздың алдынан Қабидулла шығып, мектеп жанындағы қаңырап тұрған ғимаратқа күшпен алып кіріп, зорлап тастады! Қыз небәрі 19 жаста! Балаларға білім беруге келген, — деп жазады Дина Смаилова.
Қабидулла қашып кеткен. Оған іздеу жарияланды.
Қыз асырап отырған ауыл тұрғындары енді үрейленіп қалды, — деп қосты ол.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия