jasqazaq.kz

Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

21 қантар 2020, 9:26

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

Өңірдің жаңа басшысын бүгін таңертең ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин таныстырды.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған.

қмола қаржы-экономикалық техникумын (салық бойынша қаржыгер, 1995 жыл); Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін (экономист және қаржыгер, 2000 жыл); Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (бакалавр-заңгер, 2004 жыл); М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін («Master of Business Administration» іскерлік әкімшілік шеберінің дәрежесі,2017 жыл) аяқтаған. Еңбек өтілі: — 1995 жылдан 2005 жылға дейін — Павлодар облысы бойынша салық инспекциясының маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары; — 2005-2006 жылдары — Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы; — 2006-2008 жылдары — Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары (экономика және қаржы бойынша); — 2008-2010 жылдары — Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы; — 2010-2012 жылдары — Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы: — 2012-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары; — 2014 жылдан 2016 жылға дейін — Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы; — 2016 жылғы 1 желтоқсаннан – 2019 жылдың сәуіріне дейін – Қорғаныс министрінің орынбасары (экономика және қаржы бойынша). — 2019 жылдың сәуірінен соңғы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы. Мемлекеттік және ведомстволық наградалары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Ерең еңбегі үшін» (2014); Салық қызметінің үздігі (2011), Қаржы қызметінің үздігі (2012), Мемлекеттік қызмет үздігі (2014).

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде