jasqazaq.kz

Павлодар облысы әкімінің портретін кім сатып алды?

26 желтоқсан 2019, 16:37

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портретін қалалық мәслихаттың депутаты сатып алды.

Осыған дейін, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портретін қайырымдылық аукционында сатылғаны хабарланды. Аукционнанда түсірілген сурет желіде жарияланды. Бейнежазба кадрларында кеш жүргізушілері — белгілі КВН-шілер Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин бір лот — әкім Болат Бақауовтың портретіне сауда-саттық өткізеді. Сауда-бағаны көтеру тәсілімен өткен. Видео суретке 28 миллион теңге ұсынылған сәтте үзіледі.

Кейінірек желіде тағы бір видео тарады, онда жүргізуші портретті сатып алушыға беріп жатқаны түсірілген. Видеодағы адам қалалық мәслихат депутаты Гнел Акопянға ұқсайды. Тілшімен сөйлесу кезінде депутат сатып алу дерегін растады және портретті ол 31 миллион теңгеге алғанын айтты.

«Картинаны мен сатып алдым. Бұл қаражат мүгедектерге көмек ретінде жұмсалады. Оның кімнің портреті екені қаншалықты маңызды», — дейді Гнел Акопян.

Сондай-ақ, ол Павлодар облысында жол жөндеу компаниясының директоры екенін растады. «Біз 28 жыл бойы нарықта жүрміз. Картинаны музейге сыйлағым келеді. Павлодарда жаңа музей ашылады», — деді ол. Аймақ әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет аукционның осы іс-шара аясында ұйымдастырылғанын атап өтті. Ол 31 миллион теңгеге әкімнің портретін сату туралы ақпаратты әзіл екенін айтты. «Бұл сурет үшін, менің ойымша, 700 мың теңге. Бұл әзіл шығар», — деп мәлімдеді ол портреттің кімге сатылғанын білмейтінін айтып.

Тengrinews.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді