jasqazaq.kz

Павлодар облысы әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады

16 қантар 2020, 13:47

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арыстан Қабыкенов ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Шенеуніктің тегі Павлодар облысы әкімі ұсталды деп таратылған ақпаратта бірге айтылған. Бүгін Арыстан Қабыкенов журналистермен өз кабинетінде кездесті. «Шынымды айтсам, есеңгіреп қалдым. «БАҚ туралы» заңды пайдаланып, сіздер осыны жоққа шығарсаңыздар деймін, біреулер мен туралы жазыпты. Сіздер мені көріп тұрсыздар, жұмысымда отырмын. Басқа бірдеме болды деген ойыма да кіріп шықпаған. Әкем қоңырау шалып не болып жатқанын сұрады. Мен жұмысымда отырғанымды айттым. Кеше мен түркиялық инвесторлармен кездесіп, жобаларды талқылап жаттық», — деді ол.

Облыс әкімінің орынбасары күнделікті график бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты. «Мен жұмыстамын, ештеңе болған жоқ. Менде күнделікті график. Қазір цифрландыру бойынша жиналысым бар. Кеше алқа отырысы болды, әкім тапсырма берді», — дейді Қабыкенов. Баспасөз қызметінің өкілдері әкімдіктің штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты. «Облыстың бүкіл басшылығы өздерінің жұмыс орындарында. Облыс әкімі қазір әкімдік ғимаратында емес, алайда ол Павлодарда жұмыс барысымен жүр», — деді баспасөз қызметінің өкілі Ернар Сейітахмет.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық