jasqazaq.kz

Павлодар облыстық ауруханасындағы өрттен 112 бала эвакуацияланды

29 қазан 2021, 13:51

Өрт Павлодар облыстық балалар ауруханасында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өрт 29 қазан күні сағат 03:36-да Павлодар облыстық балалар ауруханасының ғимаратында басталды.

Персонал болған оқиға туралы өрт сөндіру қызметіне және жедел медициналық көмек қызметіне, сондай-ақ оқиға орнына шұғыл келген аурухана басшылығына хабарлады. Оқиға орнына келген соң Нұркин көшесі, 75 мекенжайындағы инфекциялық стационардың «А» корпусындағы 1-бөлімшенің бірінші қабатындағы санитарлық өткізу пунктінде түтін ошағы анықталды, дәлізден түтін шықты, деді Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомство «палаталарда түтін болған жоқ, себебі олар бокс түрінде жобаланған» деп сендірді.

Өрт болардан бір жарым сағат бұрын инфекциялық стационарда электр жарығы өшіп қалған, апаттық бригада шақырылды. Өртке желідегі кернеудің төмендеуі себеп болуы мүмкін, деді Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, пациенттер «А» корпусынан 150 м жерде орналасқан «Б» корпусына – қауіпсіз жерге көшірілді.

Барлығы 112 бала және 76 күтімшілер персоналы эвакуацияланды.
Сондай-ақ, ведомство өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр