jasqazaq.kz

Павлодар қаласының әкіміне сөгіс жарияланды

03 наурыз 2020, 11:03

Павлодар әкімі Қайрат Нүкенов облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтан сөгіс естіді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Өңір басшысы қала әкімін шаһардағы қардың дұрыс тазаланбауы және жеңілдігі бар адамдарды қоғамдық көлікпен тасымалдаудағы жағдай үшін сынаған.

«Жеңілдікпен тасымалдау бойынша барлық мәселе шешілгенін хабарладық. Алғыс айту күнінде көпбалалы аналар мен мүгедектер неге жеңілдік тарифімен тасымалданбаған? Неге бұлай болды, неге мұндай қарым-қатынас?», — деп сұрады Сқақов.

Қала басшысы жеңілдігі бар жолаушыларды тасымалдаудан бас тартқан тасымалдаушымен әкімдіктің келісімге келе алмағанын, себебі ол қалада болмағанын айтып жауап берген. Алайда ол қазіргі уақытта келісімге қол қойылғанын және жеңілдік мониторингі аяқталғанша автобустар мен трамвайларда сақталатынын айтты.

Алайда өңір басшысы бұл жауапқа қанағаттанбады.

«Ең жаманы біз бір мәселеге айналып қайта келіп отырмыз. Түсінік болса, өзлеріңіз тасымалдаушылардың экономикасын көріп отырсыздар, өтемақы сомасын санау қажетін біліп отырсыздар, тайм-аут беріп, жеңілдік тарифімен тасымалдауға міндеттеме беру керек еді. Менің ескертуіме қарамастан, шала жұмыс істегенсіздер. Қаладағы санитарлық тазалау да осы. Жағдай түбегейлі өзгеріп жатқанын көріп отырғаным жоқ. Біреудің айтқанымен істейсіздер. Павлодар әкіміне қаланы санитарлық тазалау жұмысы шала болғаны үшін және қарым-қатынас жүргізудегі, оның ішінде тасымалдаушы мен халықтың ортасында координацияның жоғына байланысты сөгіс жариялаймын», — деді Сқақов.

Бұған дейін 1 наурызда Павлодардың бірнеше автобусында хабарлама пайда болғаны хабарланған. Онда әкімдіктің жеңілдігі бар жолаушыларды тасымалдауға қаражаты жоғы, сондықтан қала бойынша жолаушылар өз қалтасынан жолақы төлеуі керегі айтылған. Жолақы бермегендерді кондуктор автобустан түсіріп тастаған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия