jasqazaq.kz

Павлодар қаласында көше атаулары қазақшаланады

14 маусым 2022, 15:55

Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысы Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы» қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен Павлодар қаласындағы мына көшелердің атауын өзгерту жоспарланған:

Мир көшесі Олжабай батыр көшесіне;

Урицкий көшесі Генерал Смағұлов көшесіне;

1-я Южная көшесі Бірлік көшесіне;

2-я Южная көшесі Кәукен Кенжетаев көшесіне;

Парковая көшесі Мұқағали Мақатаев көшесіне;

Донецкая көшесі Мағжан Жұмабаев көшесіне;

Кубанская көшесі Қалмұқан Исабай көшесіне;

Совхозная көшесі Рафиқа Нұртазина көшесіне;

Таганрогская көшесі Қазанғап би көшесіне;

Ангарская көшесі Нағымбек Нұрмұхаммедов көшесіне;

Читинская көшесі Аманжол Шәмкенов көшесіне;

Декабристов көшесі Қамар Қасымов көшесіне;

Юннатов көшесі Дихан Әбілев көшесіне;

1-я Советов, 2-я Советов көшесі Генерал Бәкіров көшесіне;

Зыряновская көшесі Қабдыкәрім Ыдырысов көшесіне;

Саянская көшесі Алма Әжібаева көшесіне;

Лесная көшесі Ағайынды Дүйсембиновтер көшесіне өзгертіледі.

Құжатта бұл іс ірі тұлғалардың есімдерін ұлықтау және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды қайтару мақсатында қолға алынғаны жазылған.

Қаржы шығындары жергілікті атқарушы органдар бюджетінен талап етілмейді.

Қаулы мәтінін Ашық НҚА сайтынан оқуға болады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық