jasqazaq.kz

Павлодар-Алматы пойызында бос орын бар, билет жоқ

28 шiлде 2018, 11:53

Павлодар-Алматы бағытына қатынайтын пойызбен билетсіз Алматыға дейін 20 мың теңге төлеп кете беруге болады. Ал ресми бекітілген жол жүру құны 12 жарым мың теңге шамасында. Сонымен қатар теміржол бекеті аумағында жолсеріктермен жолаушыларды байланыстыратын делдалдар жұмыс істейді.

Мұндай «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер «Құпия жолаушы» тәсілі арқылы әшкереленді. Облыстық мониторингтік топ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен бірлесіп теміржол кассаларына мониториг жүргізді. Нәтижесінде кассаларда билет жоқ, бірақ вагондарда бос орындар бар болып шықты. Ал тексеру жүргізуге Павлодар-Алматы бағыты әдейі таңдалды. Бұл – жаз мезгілінде жолаушылар ең көп қатынайтын пойыз әрі халықтан түсетін шағым да жиілеп кеткен. Айнұр Сәдуақасова, ҚР МҚІСЖҚІА облыс бойынша департаментінің баспасөз хатшысы: — Біз анықталған дәйектерді «Қазақстан Темір жолы» АҚ ұйымдарына бағыттадық. Агенттіктің орталық аппаратына жібердік. Осындай олқылықтарды жою үшін ұсыныс та жасап отырмыз. Ол – билеттерді сатуды онлайн жүйесіне көшіру. Сонымен қатар маусымға байланысты пойыздардың бағытына мониторинг жүргізіп, қосымша бағыттар ашу.

24.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді