jasqazaq.kz

Павлодар әкімдігі аппаратының басшысы жұмыстан қуылды

26 қараша 2020, 17:10

Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы Қайыржан Оңғаров қызметінен босатылды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты.

Брифинг барысында Павлодардағы қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі өз өңірінде қазақтілді мектептердің аздығын айтып, мәселе көтеріп жүрген жандардың бірі екендігі айтылды. Осы мәселемен ол әкімдікке келіп, бейбіт митинг өткізуге рұқсат сұраған. Журналист сол кезде өзі қабылдауына барған Павлодар әкімі аппаратының басшысы Қайыржан Оңғаровтың жүйке-психиатриялық диспансерінен дәрігерлер тобын шақыртқанын айтады.

— Мемлекеттік тіл мәселесі — өте маңызды. Біз бұл жайтты әкімдіктің жеке отырысы аясында бөлек талқыладық. Жыл соңына дейін оны одан әрі талқылаймыз. Иә, шынымен де, Руза Бейсенбайтегі жақында бізге өтінішпен келді. Біз оған бейбіт митинг өткізуге рұқсат бердік. Митинг заңды түрде өтті. Біз айтылған ұсыныстарды қабыл алдық. Сын ескерілді, сындарлы ұсыныстар бар. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда, — деп жауап берді Сқақов.

Ал Оңғаровтың әрекетіне қатысты облыс әкімі оның жұмыстан босатылғанын айтты.

— Қала әкімдігі аппаратының басшысы Оңғаров мырза қызметінен босатылды, — деді ол.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия